Дина Нурпеисова туылғанына 160 жыл » "Мало-Аксуйская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Кіші Ақсу орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
февраль
2022

Дина Нурпеисова туылғанына 160 жыл

Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (1861Бекетай құмыЖаңақала ауданыБатыс Қазақстан облысы31 қаңтар 1955Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі.  Төлеңгіт руынан шыққан. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.
Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, ӘлікейТүркеш, Ұзақ, ЕсжанБайжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.
Немересі Балжан Нұрпейісованың айтуынша, Дина апамыз 18-19 жастың шамасында Мақат баласы Нұрпейіске тұрмысқа шыққан. Сол жылдары құжат аларда оның фамилиясы Нұрпейісова болып тіркеліп кеткен екен. Нұрпейіс Мақатұлы ерте қайтыс болып, олардан Жамал, Қайрат, Жұрынбай есімді ұрпақ қалған. 1885 жылы жастай жесір қалған Дина апамызды қайын інісі Нұралыға атастырады

dina-nurpejisova-160-zhyl.docx [1,37 Mb] (cкачиваний: 9)
Посмотреть онлайн файл: dina-nurpejisova-160-zhyl.docx
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив