"Кіші Ақсу орта мектебінде оқушыларға берілген ыстық тамақ » "Мало-Аксуйская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Кіші Ақсу орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Кіші Ақсу орта мектебінде оқушыларға берілген ыстық тамақ
10
март
2020

"Кіші Ақсу орта мектебінде оқушыларға берілген ыстық тамақ

"Кіші Ақсу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2019-2020 оқу жылында оқушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастырудың анықтамасы.
2019-2020 оқу жылының қыркүйек-қаңтар айларында қамқоршылық кеңестің шешіміне сәйкес әлеуметтік мәртебеге ие 39 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
2020 жылдың ақпан айынан бастап жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаржыдан Қазақстан Республикасының №64 қаулысын басшылыққа ала отырып, қамқоршылық кеңестің шешіміне  сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылар дан шыққан 15 оқушы бір мезгілдік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Ыстық тамақтың бір күндік ақысы бастауыш сыныптар үшін 300 теңгелік, ал жоғарғы сыныптар үшін күні 400 теңгені құрап отыр.Ешқандай әлеуметтік мәртебеге жатпайтын өзге оқушылар үшін мектеп асханасында айына 1500 теңгеден тұратын бір мезгілдік ыстық тамақ қарастырған.
Асханада 1 мұздатқыш, 1 электр плиткасы бар. Қазіргі таңда бұл құрылғылар жұмыс істеп жатыр. Мектеп асханасында ыдыс-аяқтар жеткілікті.
Асханада екі адам жұмыс істейді., яғни бір аспазшы, бір аспаз көмекшісі бар. Бұл адамдардың барлығы медициналық тексеруден өткен, жұмыс істеуге рұқсат қағаздары бар. Асхананың жұмыскерлерінің барлығы жұмыс киімдерімен, яғни халат, алжапқыш, бас киімдермен толық қамтылған.
 Мектеп асханасының санитарлық жағдайы жалпы тазалығы талапқа сай. Күнделікті асханаға түсетін азық-түліктер тіркеліп, сапасы  мектеп медбикесі  Р. Сулайманова тарапынан күнделікті қадағаланып отырады. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде жүргізіледі.
Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексеріледі.
 Жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаржыдан тамақтанатын оқушылардың күнделікті  ыстық тамақпен өз уақытында қамтылуы мектеп әкімшілігі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р. Изимов пен әлеуметтік педагог А. Юлдашева, мектеп медбикесі Р. Сулайманова тарапынан қадағаланып тұрады. Мектеп асханасында кезекшілік кестесі құрылған. Кезекшілік кестесіне сәйкес мұғалімдер өз міндеттерін атқарады.
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив