Мектеп тарихы » "Мало-Аксуйская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Кіші Ақсу орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
февраль
2020

Мектеп тарихы

Президентіміз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына "Ауыл -бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті мен дәстүрі, салты мен өмірінің көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы ғана бізден ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауымызды талап етеді."-деп көрсетілген.
Осы мақсатты негізге ала отырып, Кіші Ақсу ауылындағы Кіші Ақсу орта мектебінің педагогикалық ұжымы ата-аналармен жалпы жұртшылықпен, қоғамдық ұйымдармен, жергілікті атқару органдарымен бірлесіп жас ұрпаққа сапалы білім, азаматтық және жан-жақты тәрбие беру ісінде ортақ міндеттері мен бірге қазіргі заманға сай бәсекеге қабілетті жеке тұлға жетілдіруде өзіндік міндетін атқаруда.
Кіші Ақсу орта ауылында 1936 жылы ағаштан бастауыш мектеп салынып, мектепке алғашқылардан болып Баратова Латипам басшылық етті. Бұл мектепте Жаббаров Садир, Супильяров Генахун, Сабиров Салахун, Баратов Турған, Абдулгазиева Хуршидам т.б ұстаздар еңбек етті.
1957 жылы Плескачева Любаның жетекшілігімен мектепте аудандық пионерлер лагері ұйымдастырылды. Бұл кезде мектеп 4 жылдық болып, оқушылар өз білімін Үлкен Ақсу орта мектебінде жалғастырған.
1962 жылы мектеп ғимараты қайтадан салынып, 8 жылдық мектеп болса, 1991 жылы орта мектеп болып ашылды.
Осы жылдар ішінде мектепті Қурбанов Ғожахмет, Хусуров Навирдин, Сидиқов Аруп, Шамшидинов Октябрь, Бейсенова Дариға, Арзиев Үмит, Қурбанов Мирзахмет директор болып басқарып келді.
2005 жылы Кіші Ақсу ауылында 2 қабатты 180 оқушыға арналған жаңа мектеп ғимараты салынды.
Бүгінгі күнде мектепті Қадиров Тохтахун Бахтахунұлы басқарса, оқу ісін Адхам Сулайманов, тәрбие жұмысын Рустәм Изимовпен Замира Қадировалар басқарып келеді. Педагог-психолог Эльмурат Джалилов.
Мектепте ұстаздар саны "32", жоғары санатты "2", бірінші санатты "", "" екінші санатты мұғалімдер. Олардың "1" білім беру ісінің ұздігі.
Шығармашылық жұмысты тереңдету, озат тәжірибені кеңінен насихаттау мақсатында мектепте 5 пәндік бірлестік ұйымдастырылған. Әр пән бірлестік жетекшілері шығармашылық топ мектептің инновациялық жұмыс бағыттарын белгілеп, іске асыру жолдарын анықтайды. Мектебімізде мұғалімдер оқытудың білім беру технологияларын қолданып, тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуға бағыт беріп, өз бетінше қорытынды жасап, жүйелі білім алуына негіз болуда.
Н.Ә.Назарбаев "Бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі білімде"-деп айқын көрсетті. Олай болса, бүгінгі мектеп оқушысы-ертеңгі ел азаматы. Ал біз, ұстаздар қауымы осы қоғамдық-әлеуметтік сұранымға сай білімді де, білікті, әлемдік бәсекеге қабілетті ұрпақты оқытып тәрбиелеуміз қажет. Ол үшін өзіміз үзіліссіз оқып үйренуді тоқтатпауымыз керек.

Похожие публикации:

24 февраль 2020 Мектеп Директоры
24 февраль 2020 Педагог-психолог
24 февраль 2020 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив